Ақтөбеде атыс жаттығуларына дайындық кезінде арнайы қызметтің капитаны басынан жараланды

983

Ақтөбеде атыс жаттығуларына дайындық кезінде арнайы қызметтің капитаны басынан жараланды

Ақтөбеде жоспарлы атыс жаттығушыларына дайындық кезінде  ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери полицияның анықтаушысы басынан жараланды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне әскери прокуратурадағы дереккөз.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 33 жастағы капитан А.Абдулхафизов 8 ақпан күні 2030 әскери бөлімшенің штаб ғимаратында  жарақат алды.

"Қолындағы қарудан атылған оқ басына тиді", – деді ол.

Әңгілемесушінің айтуынша, мамандар оқиғаны тексеруге кіріскен. Әзірге болған оқиға жайлы  қандай да бір нақты мәлімет жоқ.

Зардап шегушінің өзі қазіргі таңда Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатыр. Оған ота жасалған.

 "Оқты алудың қажеті болған жоқ, себебі ол ұшып кеткен", – деп хабарлады агенттікке облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. Дәрігерлер жараланған қызметкердің денсаулығы алаңдарлық емес деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу