Ақтөбеде ауа райына байланысты жол жабылды

1350

Қазір өңірде ақтүтек боран болып тұр.  

Ақтөбеде ауа райына байланысты жол жабылды

Ақтөбе облысында барлық бағыттағы жол уақытша жабылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолы Маржанбұлақ ауылынан Қобдау ауданына дейін, Бекқұл баба ауылынан Хромтау қаласына дейін, Хромтау қаласы мен Қызылорда облысының шекарасы аумағы жабық. Қарабұтақ-Комсомольское-Қостанай облысының шекарасы, Ақтөбе-Атырау- Астрахань тасжолының Алға қаласынан Атырау шекарасы арасына дейін, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолы, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, Ақтөбе – Мәртөк – Орынбор шекарасы аралығы, Ақтөбе мен Орск шекарасы жабық.

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда - Соль-Илецк тасжолының Шұбарқұдық кентінен Ойыл ауылына дейін, Ойыл кентінен Самара-Шымкент автожолына дейін, Қобда ауылынан РФ шекарасына дейін көліктер жүрмейді. Ақтөбе – Орск тасжолының Дөң – Бадамша ауылы аралығы, Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі аралығында жүруге тыйым салынды.

"23 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерінде көктайғақ, баяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу