Ақтөбеде ауладағы футбол қақпасы бүлдіршіннің үстіне құлап кетті

484

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

Ақтөбеде ауладағы футбол қақпасы бүлдіршіннің үстіне құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбеде көпқабатты үй ауласындағы футбол алаңында бала жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы ақпарат жергілікті пабликтерде жарияланған. Мәліметке сәйкес, 12-шағын аудандағы №45 үйдің ауласында бекітілмеген футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы – "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" бойынша іс тіркелгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсету жағдайлары Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу