Ақтөбеде аурухана ауласына тастап кеткен ер адам көз жұмды

808

"Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Ақтөбеде аурухана ауласына тастап кеткен ер адам көз жұмды

Ақтөбеде соққыға жығылған ер адамды аурухана ауласына тастап кеткен. Ол есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының көлік тұрағынан бірнеше жерінен соққы алған ер адам табылған. 15 қаңтар күні 40 жастағы ақтөбелік ес жимастан қаза болды.

"Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 18 қаңтарда полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы кезінде аса ауыр қылмыс ашылды. Үш күдікті ұсталды. Бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу