Ақтөбеде ауруханаға түскен баланың менингит жұқтырғаны расталды

666

Ақтөбеде ауруханаға түскен баланың менингит жұқтырғаны расталды

Ақтөбе облысында менингококк инфекциясына күдікпен 10 маусымда емдеуге жатқызылған баланың диагнозы расталды, деп хабарлайды ДСМ қоғамдық денсаулық комитетінің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі күні науқасты облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінде емдеу жалғасуда. Баланың жағдайы тұрақты, динамикасында жақсару байқалады. Барлық байланыста болғандар зерттелді, оларға медициналық бақылау орнатылды, тексеру нәтижесі теріс", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, елімізде 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясының 60 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай, 12-і өліммен аяқталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу