Ақтөбеде ауыл кәсіпкерлері мен жастарды қолдауға 1 миллиард теңге қарастырылған

1345

Ақтөбеде ауыл кәсіпкерлері мен жастарды қолдауға 1 миллиард теңге қарастырылған

Ақтөбе облысының әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры өткен жылы "Жастар Старт" бағдарламасына 300 млн теңге, ал "Кең дала" бағдарламасына 600 млн теңге бөлді. Келер жылы осы мақсатта 1 млрд теңге бөлінеді. 

"Кең дала" бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары бизнес идеяларын ұсынып, өз кәсібін бастап кетті. Қазіргі уақытта Шалқар, Мұғалжар, Хромтау, Алға ауданының тұрғындары мейрамхана, балалардың ойын-сауық орталығы мен наубайхана ашып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, "Жас Старт" бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласын таңдаған жастар бар. Жыл ішінде барлығы 35 адам жұмысқа орналасқан.

"Қаржы екінші деңгейлі банк арқылы беріліп жатыр. Қазіргі уақытта 43 жоба мақұлданып, 400 миллион теңгеден астам ақша бөлінді. Банктер құны 370 миллион теңгеден асатын 28 жобаны тағы қарап жатыр. Жоспар бойынша биыл бөлінген қаржы толық игеріледі. Ал, келер жылы "Жас Стартқа" 300 миллион, "Кең далаға" 700 миллион теңге бөлінеді", – дейді облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова.

"Кең дала" бағдарламасы бойынша 300 миллион теңге бөлініп еді. Оның 260 миллион теңгеге жуығы 22 жобаға берілді. Көбі сауда, қызмет саласын таңдайды. Ал "Жас Старт" бағдарламасын іске асыруға асығатын жастар қатары аз. Бүгінге дейін тек 1 жоба мақұлданып, 10 миллион теңге бөлінді. Тағы екі жоба бойынша оң шешім шығарылды", – дейді екінші деңгейлі банк өкілі Жанар Ізімбетова.

Айта кетейік, "Кең дала" бағдарламасы бойынша 8,3 пайыздық үстеме ақымен 5 жылға 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал "Жас Старт" бағдарламасы бойынша 20 миллион теңгені несиеге алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу