Ақтөбеде ауыл шаруашылығына бөлінген 1 млрд-қа жуық қаржы жымқырылған

346

Қылмысқа қатысы бар 3 күдікті ұсталды.

Ақтөбеде ауыл шаруашылығына бөлінген 1 млрд-қа жуық қаржы жымқырылған Фото: inbusiness.kz

"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген 3 тұлға анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу