Ақтөбеде ауыл тұрғындары газдан уланды

472

Алты адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

Ақтөбеде ауыл тұрғындары газдан уланды Фото: inbusiness.kz

Темір ауданындағы үш ауылдың тұрғындары өздерін жайсыз сезінгендерін айтқан. Кеше, 4 қыркүйеккте сағат 20-00  шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши ауылында тұратындар өткір газ иісін сезген.

Облыстық әкімдік мәліметінше,  Шұбаршидағы газ-бөлу станциясын жөндеу жұмыстары үшін жоспарлы түрде тоқтатылған.

"Газ тетіктерін ауыстыру жұмыстары кезінде ереже бойынша "Одарант" газы қолданылады. Оның өткір иісі болады. Тұрғындардың шағымынан соң Кеңқияқ пен Саркөл ауылдарында газ мамандарды үйлерді аралап, тексерді. Газдың таралуы тіркелген жоқ" деп хабарлайды Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеңқияқ ауылының ауруханасына  газдан улану шағымымен 6 тұрғын  келген. Барлығына көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу