Ақтөбеде автобус жүргізушілері тапшы

594

Ақтөбеде қала ішінде қатынайтын автобустарды тізгіндейтін 120 жүргізуші қажет. 

Ақтөбеде автобус жүргізушілері тапшы Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде жүргізушілер жетіспейді. Тапшылық әсіресе, қоғамдық көлікте қатты байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізде жүргізуші – қат. Бұл мәселені  тасымалдаушы компаниялар да айтып жүр. "Автопарк", "Табыс-Ақтөбе" мекемелерінде  тапшылық байқалады. Мысалы, тәртіп бойынша бір автобусқа екі жүргізуші бекітіліуі керек болса, кейбір маршруттарды адамның жоқтығынан тек бір жүргізуші өзі басқарады. Айлық табысы 300 мың теңгеден кем емес, бір мекеме 400 мыңнан артық төлейді. Бірақ, сонда да жүргізушілер жетпей жатыр, - деді Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Есбол  Базарғалиев.

Ақтөбеде 46 бағытта қоғамдық көлік қатынайды.  Жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында  бюджеттен субсидиялау қарастырылған. Өткен жылы 43 жаңа автобус сатып алынса, биыл автопарк тағы да 100 су жаңа  көлікпен толығатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу