Кондуктор ашық тұрған есіктен құлап, көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 15 мамыр күні сағат 17:15-те тіркелді. "Паз" маркалы №11 бағыттағы автобус қаладағы "Әкімдік" аялдамасынан қозғалар кезде есігіп жаппай, жүріп кеткен. Сол кезде кондуктор құлап түсіп, бас-ми жарақатын алған.
"24 мамыр күні кондуктор жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасына, №403 кабинетке жолығуыңыз сұраймыз", – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Көз жұмған Әйгерім Қарасаевның кәмелет жасқа толмаған 3 баласы бар. 33 жастағы жалғызбасты әйел қалада пәтер жалдап тұрған.