Ақтөбеде автобустар тоқтап қалды

862

Қатаң шараға көнгісі келмеген кейбір жүргізушілер автобустарын қаңтарып қойған.

Ақтөбеде автобустар тоқтап қалды

Ақтөбеде түс ауа тұрғындар діттеген жеріне жете алмай, аялдамада автобус күтіп тұрып қалды. Оған жолаушылар тасымалымен айналысатын “Автопарк” ЖШС-нің 11 бағытқа қатынайтын автобустардың линиядан шығып, қайтып кеткені себеп болған. 

Кәсіпорын басшылығы мәселенің бірқатар жүргізушілерге жұмысты уақытынан бұрын ерте аяқтауы, жолақысын QR-қосымшасы арқылы өз есеп шоттарына төлеттіруі сияқты тәртіп бұзғаны үшін жаза қолданғанымыздан туындады деп отыр. Айыппұл түріндегі қатаң шараға көнгісі келмеген кейбір жүргізушілер автобустарын қаңтарып қойған.
Жағдайды реттеу үшін қаланың атқарушы билігі автобуссыз қалған бағыттарға уақытша өзге үш тасымалдаушы компаниядан көлік бағыттауға тапсырма берді.

"Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары кәсіпорында өткен жиналысқа қатысып, мәселені шешуге тапсырма берілді"- деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде қоғамдық көлікте жолақының құны арнайы төлем картасы арқылы 80 теңге, ал қолма-қол төлем  150 теңгені теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу