Бүгін Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған "Ваз 2106" маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті.
"Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескерту жасаймыз. Баланы қадағалап отыру керек. Сонымен бірге балаларға қарапайым сақтық ережесін, қауіпсіздік туралы жиі айтыңыз. Жазатайым оқиғалар көбіне қайғылы аяқталып жатады",- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу