Ақтөбеде аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

581

Атап айтқанда бастауыш сынып оқушылары (1 мен 4 сынып) мектепке келмейді. 

Ақтөбеде аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

- Ауа температурасы -27 С-тан төмен болған жағдайда орта буындағы (5 және 9 сынып) сынып оқушылары да мектепке келмейді. Қазір қаладағы барлық мектеп директорлары ата-аналарды құлағдар етіп жатыр, - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қоымбаева.

Ал сынап бағаны -30 С төмен температураны көрсетіп, желдің жылдамдығы 2м/сек болған жағдайда барлық сыныпқа сабақ өтпейді.

Синоптиктер ертең Ақтөбеде - 27-28 С аяз болады деп болжап отыр.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу