Ақтөбеде "Бақытты отбасы" орталығы ашылды

1134

Ақтөбе қаласында аз қамтылған отбасыларға, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетуге арналған "Бақытты отбасы" орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбеде "Бақытты отбасы" орталығы ашылды Фото: inform.kz

Аталған жобаның мақсаты - отбасы құндылықтарын дәріптеу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, олардың өз-өздерін жұмыспен қамтуына жағдай жасау.

Аталған орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыста көп балалы, аз қамтылған, отбасында мүгедек бала бағып отырған аналарға барынша қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

"Қазір жұмыс жасаймын деген адамға мүмкіндік мол. Оның ішінде әйелдер, аналар үйде отырып, жеке кәсіппен айналыса алады. Мәселен, тігіншілікпен, аспаздықпен, қолөнермен айналысуларына болады. Бұл орайда облыста әйел кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта ауылда тұратын әйелдерге де кәсіппен айналысуға мүмкіндік жасалады. "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл әйелдері бау-бақша өсіріп, мал шаруашылығымен айналысып, соның арқасында сүт өнімдерін өндіріп, табыс табуына болады. Бұл, бір жағынан, ата кәсіп болса, екінші жағынан, өз-өзін жұмыспен қамтуға таптырмас идея. Қазір "Ауыл аманаты" жобасы өңірімізде басталып кетті. Осы жоба аясында кез келген ауыл тұрғыны 2,5 пайызбен несие ала алады. Біз жобаға қатысқысы келетін әйелдер мен аналарға қолдау көрсетеміз", - деді Е.Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу