Ақтөбеде бала әткеншектен құлап мерт болды

286

Ол құлаған кезде ашық бас-ми жарақатын алған.

Ақтөбеде бала әткеншектен құлап мерт болды Фото: Pixabay.com

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында 9 жастағы ұл бала әткеншектен құлап қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:02–де шақырту түскен. Ол кезде денесі құрысып жатыр деп хабарланды. І-санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09–да жеткен. 

— Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41–де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу