Ақтөбеде балабақшаларды сенімгерлікке беру жұмысы уақытша тоқтатылды

888

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова айтты.

Ақтөбеде балабақшаларды сенімгерлікке беру жұмысы уақытша тоқтатылды

Ақтөбе қаласы бойынша барлығы 9 балабақша сенімгерлік басқаруға берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады, деп хабарлайды аktobenews.kz..

"Балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру тоқтатылып тұр. Комиссия жұмыс жүргізіп, келесі аптада қорытындысы айтылады. Бірақ заманға сай балабақшалар жекеменшікке беріледі. Жоспар бойынша 2018-2019 жылдары 10 балабақшаны сенімгерлік басқаруға өтеді. Балабақшалардың көбі 1974, 1975 жылдары салынған. Оларды жөндеуге көп қаржы керек. Бізде шешім бар, ешқандай заңға қайшы емес", — деді қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.

Еске сала кетсек, ата-аналар жақында балабақшалардың кәсіпкерлердің басқаруына беруге қарсы болған еді.

"Кәсіпкерлер қарауына өткен балабақшалар жіті бақылауда, олардағы төлем құны қымбаттамайды", - деп уәде берген болатын. 

Бұл жүйе бойынша, мемлекеттің мүлкі кәсіпкердің қолына өтеді. Яғни, алғашқы 5 жылда кәсіпкер балабақша ғимаратын меншігіне айналдыра алмайды. Тек ұжымды басқарып, табыс табады, салық төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу