Бұл туралы Inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбеде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты республикалық жедел алдын алу шарасы аясында балалар жарақатының алдын алу мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қолданыстағы техникалық регламент талаптары мен заңнама нормаларына сәйкестігіне және жүргізушілердің балаларды тасымалдау ерекшеліктерін білуіне тексеру жүргізді.
Нәтижесінде дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштің болмауы және тағы басқа тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктерді жоюға 3 жауапты тұлғаға ұйғарым берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу