Бұл туралы Aqtobe_sergek әлеуметтік желісінде хабарланды.
Еске сала кетейік, эпилепсиялық талмасы ұстап қалған 9 айлық баланы ата-анасы ауруханаға апара жатқанда кептеліске тұрып қалған. Әкесі қиылыстағы патрульдік полиция қызметкерлерінен баланы дәрігерлерге жеткізуге көмектесуін өтінген. Сонда полиция қызметкері Батыр Николаев отбасын көлігіне отырғызып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізіп, баланың өмірін сақтап қалған.
Бірақ кеше белгілі болғандай, "Батыс-2" шағын ауданында полицей Батыр Николаевты антикор ұстаған.
"Дереккөздің айтуынша, учаскелік инспектор есірткі таратқан деген күдікке ілінген ағайынды екі жігіттің әрекетін жасырған", –делінген хабарламада.
Ұсталған полицей уақытша ұстау изоляторына қамалған.