Ақтөбеде банк қызметкері жергілікті тұрғынды алаяқтардан құтқарып қалды

522

Полиция мен банк қызметкері алаяқтарға жем болғалы тұрған адамға жәрдемдесті.    

Ақтөбеде банк қызметкері жергілікті тұрғынды алаяқтардан құтқарып қалды Фото: polisia.kz

Ақтөбе қаласының тұрғынына ең алдымен өзін жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол атына сәлемдеме келгенін айтып, оны рәсімдеу үшін телефонға келген SMS-кодты хабарлауды сұраған. Тұрғын бұл сөзге сеніп, кодты дереу айтқан.

Кейіннен оған тағы қоңырау түскен. Бұл жолы қоңырау шалушылар өздерін "eGov" қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар оның атына несие рәсімделіп жатқанын және банк шоттарында күмәнді операциялар анықталғанын айтып, жалған ақпарат берген. Осыдан соң әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам қосылған.

Алаяқтар бірнеше күн бойы әйелге психологиялық қысым жасап, оны "қауіптің алдын алу" деген сылтаумен несие рәсімдеуге көндірген.

Алаяқтардың сөзіне сенген әйел банкке барып, несие рәсімдемек болады. Бірақ банк қызметкері клиенттің күмәнді хабарламаларға жауап беріп жүргенін байқап, алаяқтық белгілерін байқаған. Бұл туралы бірден киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесіне хабар берілген.

Полиция қызметкерлері азаматты бөлімшеге жеткізіп, онымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Алаяқтар одан 2 миллион теңге қағып алмақ болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу