Ақтөбеде банкке келген ер адам сол жерде қайтыс болды

2324

Ақтөбенің 72 жастағы тұрғыны банкке кредит рәсімдеуге келіп, есінен танып қалды.

Ақтөбеде банкке келген ер адам сол жерде қайтыс болды

Інісімен бірге банкке кредит алуға келген егде кісі сол арада жантәсілім етті, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қартаң кісі банк менеджерімен кредит рәсімдеу үшін сөйлесіп отырып, аяқ астынан жағдайы төмендеп, ес-түссіз қалған. Зейнеткер сол күйі есін жимаған, ал оқиға орнына жеткен дәрігерлер еш көмек көрсете алмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігі 8 минутт жеткен.

Марқұмның туысы сол күні оның көңіл-күйі жақсы болғанын айтады.

"Ешкім не болғанын түсінбей қалды",– дейді туыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу