Ақтөбеде бейіт дауына қатысты арнайы комиссия құрылды

763

Ақтөбеде бейіт дауына қатысты арнайы комиссия құрылды

Ақтөбеде жерлеуге арналған аумақтың жеке басқаруға берілуі халық арасында дау туғызған еді. Енді осы мәселенің ақ-қарасын айыру үшін арнайы комиссия құрылып, алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Қоғамдық комиссия құрамына ауыл ақсақалдары, жергілікті билік мамандары мен жерлеу рәсімін өткізетін мекемелердің өкілдері кірді. Олар Қурайлы ауылында тұрғындармен кездесіп, тараптардың талап-тілектерін тыңдады. Нәтижесінде қаладағы 50 бейіттің аумағын сенімгерлік басқаруға алған компания әкімдікпен жасаған келісімшартты қайта қарайтын болды. Бұл жолы құжатты талқылауға ауыл тұрғындары қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, дау жерлеу рәсімдері үшін компания бекіткен бағаның қымбаттығынан шыққан болатын. Тұрмысы төмендерге 20-25 мың теңгеге шықса, қалғандарына 100 мың теңгеден асып жығылады. "Салада бәсекелестікке нұқсан келді" деген ұсақ кәсіпорын басшылары да өз ойларын ортаға салды.

"Қазір сол комиссиямен келісімшарттың барлық пункті талқыланып жатыр. Жерлеу рәсімін өткізетін орталық берген келісімшарттың қазір барлық пункті талқыланып, ұсыныстар қаралады. Содан кейін бір шешім қабылдап, шешімін айтамыз", -  дейді Қурайлы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Аманбек Шалабаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу