Ақтөбеде бес жүзден астам үй газсыз қалды

489

Газ құбырларындағы ақау кеше шыққан. 

Ақтөбеде бес жүзден астам үй газсыз қалды Фото: inbusiness.kz

Жер астымен өтетін желі бойын тексерген кезде, құбырдың тесілгені белгілі болыпты..  Құбырдан газ шыққандықтан мекемедегілер абоненттерді көгілдір отыннан уақытша ажыратқан. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін одан басқа  амал қалмады деп отыр жауапты мекеме өкілдері Барлығы 546 жеке тұрғын үй, 80 көпқабатты үй және 31 коммерциялық мекеме мен 10 өндіріс нысаны газсыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан бөлек газ таратушы мекеменің 14 жұмысшысы жұмылдырылған. Жауапты мекемедегілер ақауды бүгін кешке дейін жоямыз деп отыр.

Жоспарлы тексеріс кезінде мамандар орталық көшелердің иіс сезіп, авариялық қызметке звондап, біздер бригада жібердік. Қазір ақауды жою үшін жұмыстар жасап жатырмыз,- деді "Қазтрансгазаймақ" АҚ Ақтөбе филиалының бөлім басшысы Жомарт Батырбай.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу