Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

354

Бала жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырылған

Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр Фото: baq.kz

Ақтөбеде 2020 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Гемодинамикасы салыстырмалы түрде тұрақты, тахикардия, аралас жарақат, жұлынның жабық жарақаты, үшінші кеуде омыртқасының сынуы деген диагноздар қойылды. Гемопневмоторакс, яғни қанның плевра қуысында, екі жағында да жиналуы байқалады, бауыры көгерген", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Полицейлер мен дәрігерлер ата-аналардан мұқият болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды, москит торларының баланың салмағына төтеп бере алмайтынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу