Бұл жолда жүздеген метрге созыла жүк көліктері тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Сондықтан өрт жол қозғалысын одан әрі қиындатты. Тіпті, көліктегі газ баллоны жарылып, адамдар өміріне қауіп төнді. Қатты дыбысты Рауан елді мекенінің тұрғындары түгел естіп, шошып қалған.
"Жұмыстан үйге келе жатқан едім. Таксиден түсе бергенімде дүрс еткен дауыс шықты. Алғашында не болғанын түсінбей қалдық. Кейін жол талғамайтын көліктің жанып жатқанын көрдім", - дейді оқиға куәгерлерінің бірі Нұрдәулет Кенжебекұлы.
Шаһардың орталығында тағы бір жеңіл көлік өртенді.
"12 ақпан күні сағат 19:13-те Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ә.Молдағұлова даңғылындағы үйдің жанында "Lexus RX" маркалы жеңіл автокөлігі өртенді. Өрт сағат 19:30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.