Табиғаттың тосын мінезінен жол-көлік оқиғалары да көбейген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бір тәулік жобасында 30 көлік соқтығысып, 4-еуі аударылып қалған.
Жүргізушілерге облыстағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға шығуға ескерту жасалған. Жауаптылар кезекшілік жолға жасап, рейд жұмысын жүргізуде. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі зардап шеккендердің жоқ екенін айтады.
"Тәртіп сақшылары қозғалысты реттейді және қиын жағдайға түскен көлік жүргізушілеріне көмектеседі. Күн райының қолайсыздығына байланысты бір күн ішінде облыс жолында 30 көлік соқтығысқан және 4 автокөлік аударылды. Зардап шеккендер жоқ. Соның ішінде Батыс Қытай-Батыс Еуропа тасжолында MAN маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай аударылды. Жүргізуші дін аман", – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Осы уақытта Ақтөбедегі шиномонтаждарда кезек көбейген. Мамандар мұны жылдағы үрдіс деп отыр.