Ақтөбеде 1 тәулікте жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды

146

Ресейлік такси жүргізушісі 11 айда жол ережесін 250 рет бұзған.  

Ақтөбеде 1 тәулікте жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды Фото: gov.kz

Айыппұл көлемі 7,7 млн теңгеден асады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін жиі бұзатын жүргізушіні анықтау, ұстау сәтін видеоға түсіріп, таратты. Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері такси жүргізушісін жол бойында тоқтатқан.

Ақтөбе мен Ресейдің Орск қаласы арасында жолаушы тасымалдайтын такси қызметкерінің көлігі тұраққа қойылды.

– Соңғы 11 ай ішінде жол ережесін 250 рет бұзған, тіпті одан да асады. Жинақталған айыппұлдардың жалпы сомасы - 7,7 миллион теңгеден жоғары. Ең өкініштісі - жүргізуші бір күн ішінде 12 рет жол ережесін бұзған. Негізгі құқық бұзушылық – жылдамдықты шамадан тыс асыру. Бұл өз кезегінде жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр. Себебі шетелдік азаматтың Ақтөбе – Орск бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап жүргені анықталды. Қазір құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлігін тек барлық айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу