Ақтөбеде биыл 35 мың орындық стадион мен заманауи театр құрылысы басталады

173

Ақтөбе облысында биыл ірі құрылыс жұмыстары басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.         

Ақтөбеде биыл 35 мың орындық стадион мен заманауи театр құрылысы басталады Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша заманауи театр салынады. 

– Т.Ахтанов атындағы драма театр ескі ғимаратта орналасқан. Ғимарат 1944 жылы салынған. Қазіргі кезде онда қазақ және орыс труппасы дайындық өткізіп, қойылымдарды сахналайды. Президент келген уақытта мәдениет жанашырлары ұсыныс айтып, қолдау тапты. Облыс әкіміне тапсырма берді. Қазіргі кезде жобалау жұмысы басталды. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы да бөлінді. Биыл мамыр айында жобалық-сметалық құжаты аяқталса, мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Жоспар бойынша құрылыс жұмысы үшінші тоқсанда басталып, келер жылы аяқталады. Театр Ақтөбе қаласының Алтын орда шағын ауданында орналасады. Жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ол жерге өзге де әлеуметтік нысандар салынады, – деді Ақтөбе облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Оның айтуынша, театр 700 орындық болады. Үлкен және кіші залы қарастырылады.

Сонымен бірге, жаңа театр маңында саябақ пен стадион салынады.

– Ақтөбеде 35 мың орындық стадион салынады. УЕФА стандартына сай болады. Әрі әзірге еліміздегі ең үлкен стадион болады. Қазіргі кезде жобалау жұмысы жүріп жатыр. Кейін нақты қаржы көлемі белгілі болады. Сонымен бірге, қалада 5 мың орындық спорт кешені салынады. Мұнда спорттың барлық түрімен айналысуға болады, – деді Аслан Жарасбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу