Ақтөбеде биыл "Нұрлы жер"-мен 2 мыңға жуық пәтер беріледі

1116

Ол үшін ТҚЖБ салымшылары пәтер құнының 20 пайызын жинауға тиіс.

Ақтөбеде биыл "Нұрлы жер"-мен 2 мыңға жуық пәтер беріледі

ТҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, биыл Ақтөбе облысы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасымен 2 мыңға жуық пәтер біріледі, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Ақтөбенің "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған үйлер пайдалануға беріледі. Ол үшін ТҚЖБ салымшылары пәтер құнының 20 пайызын жинауға тиіс. Сол кезде 5 пайыздық үстемеақымен несие беріледі. Қазіргі күні 300 пәтердің иесі анықталды. Олар 4 миллиард теңге ақша жинаған.

"Ақтөбе облысы "Нұрлы жер" бағдарламасымен үй салып, салымшыларға берген белсенді өңір. Тек пәтер емес, әскери қызметкерлер коттедж де алды. Биыл да осы бағытта үй беріледі. Жыл соңына дайын тағы 1300 пәтер кілті табысталады. Жалпы биыл 2 мыңға жуық пәтер "Нұрлы жер" бағдарламасымен өтеді", – деді Ләззат Ибрагимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу