Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды

2408

Биіктігі  6,0 метрді құрайтын монумент батырдың атындағы көшеде орнатылған.

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды

Ақтөбе қаласының  150 жылдығына орай  Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына  облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты." Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезеңдер болды.Сондай сын сағатта Бөкенбай Қарабатырұлының жер қайысқан қалың қол жинап, жоңғарлардан елімізді қорғауға аттануы — оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер, екендігін білдіреді",-деп атап өтті өңір басшысы.Жиынға сондай-ақ, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Смағұл Елубай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, батыр ұрпақтары,зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

Биіктігі  6,0 метрді құрайтын монумент батырдың атындағы көшеде орнатылған. Ескерткіштің мүсіншісі – қаламыздағы Әйтеке би, Әлия сынды тарихи ескерткіштің авторы Жеңіс Жұбанқосов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу