Ақтөбеде "бомба қойылған" алты мектепте алғашқы қоңырау өткен жоқ

1017

Бүгін Ақтөбе қаласының алты мектебі алғашқы қоңырау салтанатынан бас тартуға мәжбүр болды. Оларға мектепке "бомба қойылды" деген жалған ақпарат түскен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбеде "бомба қойылған" алты мектепте алғашқы қоңырау өткен жоқ Фото: diapazon.kz

Хабарлама бүгін таңертең №2 орта мектептің электронды поштасына келіп түсіпті. Онда қалада барлығы алты мектепке, атап айтқанда №№1, 2, 21,22, 51,56 мектептерге бомба қойылғаны айтылған.

Шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу айтылған жерлерге келіп, оқушылар мен білім мекемелерінің қызметкерлерін оқшаулаған. 

"Қазіргі кезде жалған ақпарат таратқан күдікті іздестіріліп жатыр. Ол бойынша ҚР ҚК 273 бабы, яғни "терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл заң бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу