Түнде Ақтөбеде құтқару жұмыстары жүрді. Оған 52 құтқарушы мен 14 техника жұмылдырылды.
"Кеше сағат 22:50-де Самара - Шымкент тасжолында шектеу қойылып, құтқарушылар жолаушылар автобусына (Бішкек - Мәскеу бағыты) Қарабұтақ ауылына дейін еріп барды. Жылыту бекеті орналасқан орталық мешітке 41 Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарын эвакуациялады. Олар медициналық көмекті қажет етпеді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу