Ақтөбе қаласының прокуратурасымен "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ-і директорымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.
Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу