Ақтөбеде бюджеттен 272 млн теңге жымқырғандар сотталды

225

Ақтөбе қаласының №2 сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде бюджеттен 272 млн теңге жымқырғандар сотталды Фото: canva.com

Ақтөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала келісіп, мемлекеттік сатып алу аясында жол белгілерін салу үшін 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасаған.

Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған. Ал ұрлаған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденген. Нәтижесінде, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келген.

Сот орталық директорын мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу