Ақтөбеде дәрігерлер баспаналы болды

745

Тәуелсіздік күніне орай денсаулық сақтау саласының қызметкерлері дәріптелді.

Ақтөбеде дәрігерлер баспаналы болды

Шараның ресми бөлігін облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ашты. Жиналғандарды облыс басшылығы атынан құттықтаған ол медицина жұртшылығының өңірдің дамуына қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласы үлкен жетістікке қол жеткізді. Екі жыл бұрын құрылған медициналық кластердің арқасында бүкіл Батыс Қазақстан тұрғындарына күрделі жоғары технологиялық араласулар қол жетімді болды. Балалардың жүрегіне ашық ота жасау, органдарды ауыстыру, буындарды эндопротездеу біздің дәрігерлер үшін үйреншікті жұмысқа айналды. Медициналық қызметтер көрсетуде Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ және Ресей сияқты әлемдік көшбасшылармен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Барлық орталықтар озық жабдықпен жабдықталған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен ауылдағы жұмыстар жолға қойылды. Өңірде бір жылдың ішінде МЖС аясында 21 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынды. Сіздердің адам өміріне араша болудағы күнделікті еңбектеріңіз үшін бас иемін", - деді Марат Тоқжанов.

Салтанатты шара марапаттау рәсіміне ұласты. Ақтөбелік дәрігерлерге берілген марапаттардың ішінде "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілері, сонымен қатар, "Еңбек ардагері" медалі бар. Ол марапттарға ширек ғасырдан астам еңбек өтілі бар 14 медицина қызметкері ие болды. Содан кейін көптен күткен сәт - пәтер кілттерін табыстау шарасы болды. Эндокринолог Мөлдір Томарова, балалар хирургі Асхат Батыров пен анестезиолог Нұрмұхамбет Бигиев сынды жас мамандар баспаналы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу