Ақтөбеде дәріханаға "бомба қойған" адам ұсталды

561

23 қазанда сағат 22:24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО "102" телефонына ер адам қоңырау шалып, "Троя" дәмханасына бомба қойғанын хабарлаған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барып, жіті тексерген. Келушілер мен қызметкерлер – 87 адам эвакуацияланған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбеде дәріханаға "бомба қойған" адам ұсталды

Мамандар дәріханадан құрылғы таппаған. Осылайша, ақпараттың жалған екендігі белгілі болып, жұртты әуреге салған күдікті іздестірілді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қалжыңдап айтқанын түсіндірді. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деп жазылған полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу