Ақтөбеде депо бастығы ұсталды

6676

Ол бірнеше адамды жұмысқа кіргізуге уәде беріп, ақша талап еткен. 

 Ақтөбеде депо бастығы ұсталды Фото: бейнеден скриншот

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Батыс филиалы, Жем пайдалану локомотиві депосының бастығына қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлады.

Ол тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына жұмысқа тұрғызу үшін бірнеше адамнан қаржы талап еткен. Олардан алынған пара көлемі 2,5 млн теңге шамасында. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу