Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілінен қару-жарақ табылды

590

Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілінен қару-жарақ табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілінен қару-жарақ табылды

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 2022 жылдың 15 желтоқсанында сағат шамамен 20:00 Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" шарасы барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі әрі деструктивті діни ағымды ұстанушы Алға ауданының тұрғының үйін тінткен.

Тінту барысында "Макаров" тапаншасы, 12 калибрлі "Mossberg" маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оқтары, 12 калибрлі 19 дана оқ-дәрілер, аңшы пышағы, оқ салғыш белдік және 18 дана діни әдебиеттер тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды. 

Жинақталған дәлелдер негізінде Алға ауданы тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленіп ҚР ҚПК 128 бабы бойынша қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу