Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы Ақтөбеде көгалдандыру жобасын дайындап, көпқабатты үйлердің біріне белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің муралы салынғанын жариялады. Қауымдастық өкілі Алина Әбдірахманованың айтуынша, биыл қалада барлығы 10 мурал салынады. Әр туынды алдын-ала келісімнен соң жүзеге асырылады. Соның бірі – Димаш Құдайбергеннің бейнесі. Димаштың бейнесі қолына алғаш қалам ұстатқан ұстазы тұратын үйге салынған. Әншінің ұстазы Клара Қажығалиева муралдың өзі тұратын үйге салынғанына дән ризашылығын білдіріп, туындының авторына алғысын жеткізді.
"Қандай сәйкестік десеңізші... Мен тұратын үйге Димашымның суретін салған! Қарасаң көз тоймайды. Үйдің ішінде жүріп терезеге қарасаң, Димаштың ең алғашқы муралын көремін. Ал енді жұмысқа шықсаң, Димаш мені шығарып сап, келгенде күтіп тұрғандай. Димаш, жарайсың! Суретті салған суретшіге мың алғыс!" – деді Клара Қажығалиева.