Ақтөбеде дүкен өртеніп, салдарынан 2 адамды күйік шалды

166

Қаладағы бес қабатты үйге жапсарлас салынған дүкен жанып кетті. Екі адамды күйік шалған, қазір олар ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде дүкен өртеніп, салдарынан 2 адамды күйік шалды Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы А.Макаренко көшесінде болған. Бес қабатты үйдің іргесіндегі дүкеннің шатыры жанып бастап, артынша өртке ұласқан.

"Дүкен шатырындағы ағаштың жанғаны, өрт сөндірушілер барғанша оттегі баллонының жарылғаны туралы айтылды. Өрт сөндірушілер өрт ошағын табу үшін шатырды ашып, 100 шаршы метр болатын алаңды сөндірді. Өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу