Ақтөбеде егін егу науқаны басталды

1919

Алғашқы тұқым себу жұмыстарын Мәртөк, Қобда, Темір, Ойыл, Алға аудандары бастап кетті. 

Ақтөбеде егін егу науқаны басталды

Жоспар бойынша игерілетін 805 мың гектар жердің 3,5 мың гектарына тұқым себілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Былтырғыға қарағанда биыл алқап аумағы 15 пайызға артық. Әртараптандыру бойынша шаруалар мал азығы және майлы дақылдарды көптеп егуде.

"Бидай мен арпа әрқашан сұраныста. Себебі өңірдің табиғи климатына байланысты олардың сапасы жоғары. Шаруалардың есебі бойынша майлы және мал азығы дақылдарын өсіру тиімді болып тұр. Алғашқы тұқым себу жұмыстарын Мәртөк, Қобда, Темір, Ойыл, Алға аудандары бастап кетті. Ауа райы салқын Хромтау, Әйтекеби, Қарғалы аудандарында мамыр айының басында басталады. Тұқым да, жанар-жағармай да жеткілікті",– дейді Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу