Ақтөбеде екі баладан Кавасаки синдромы анықталған

1964

Кавасаки синдромы елімізде алғаш рет анықталып отыр.

Ақтөбеде екі баладан Кавасаки синдромы анықталған

Ақтөбе қаласында екі баладан Кавасаки синдромы анықталды. Әдепкіде медициналық мекемеге мұндай күдікпен бес бала жеткізілген екен. Оның үшеуінен диагноз расталмаған. 

Қазіргі күні бұл мәліметті Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров ресми түрде мәлімдеді. Кавасаки синдромы расталған балалардың бірі бес, екіншісі он бес жаста. Олар ауруханаға ауыр халде жеткізілген, дегенмен, қазір жағдайлары бірқалыпты, облыстық балалар ауруханасында педиатрия мен балалар хирургиясы институтының ғалымдарының кеңесі бойынша ем қабылдауда. 

Түсіндіру үшін айта кетейік, Кавасаки синдромы – 1967 жылы оның симпомдарын сипаттаған жапон педиаторы Томисаку Кавасакидің атымен аталған аса қауіпті және өте сирек кездесетін ауру. Ол қан тамырларын зақымдап, асқынған жағдайда тахикардияға әкеп соғуы да мүмкін. Вирустық инфекциядан пайда болуы ықтимал бұл дертке шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, әлсіздікке ұшырап, денесінде аллергияға ұқсас бөртпелер мен ісіктер пайда болады. 

Бір жақсысы, бұл балалардың қай-қайсысында КВИ тестілеуі теріс нәтиже көрсетті. Кавасаки синдромы елімізде алғаш рет анықталып отыр. Бұған дейін онымен коронавирус инфекциясына байланысты пандемияның бастапқы кезеңінде Италия, Ұлыбритания, АҚШ елдеріндегі бірнеше жеткіншек ауырған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу