Ақтөбеде полиция бопсалаушыларды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 қыркүйек ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі 25 жастағы ақтөбелік жігітті ұстады. Олар қала тұрғындарынан 2 млн теңгеге жуық ақша қаражатын ашық түрде тартып алған және бопсалаумен айналысқан.
Сонымен қатар күдіктілер екі 22 жастағы жәбірленушілерді жалдамалы пәтерде ұстап, қысым көрсетіп қорқытқан.
ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу