Ақтөбеде екі елден зейнетақы алып отырғандар анықталды

1208

Олар енді екі мемлекетке де айыппұл төлеп, артық алған ақшаны қайтармақ  

Ақтөбеде екі елден зейнетақы алып отырғандар анықталды

Ақтөбе облысында қос азаматтық иемденіп, Қазақстан мен Ресейдің зейнетақысын бірдей пайдаланып жүрген зейнеткер саны 46-ға жетті. Олардан артық төленген ақшаны бюджетті қайтару талап етіліп отыр, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі күні олардың ішінен 6 адам қолына алған артық қаражатты кері қайтарған, 4 адамға қатысты екі ел арасында келіссөздер жүріп жатыр, ал 36 адамның ісі сотта қаралуда.

Белгілі болғандай, өткен жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Ресей зейнетақы қорына көрші елдің тарапынан зейнетақы алып отырған қазақстандықтар жөнінде сауал жібереді. Соның нәтижесінде елімізде "екі жеп, биге шығып" отырған бінеше зейнеткер анықталған. Олардың қарызы қазіргі күні бірнеше мың теңгеден басталады, ең көбі – 14 млн.теңге.

"Бұл зейнеткерлер, негізінен, 1940-1941-1942 жылы дүниеге келгендер, олардың арасында тарихи отанына қоныс аударып, кейін қайтып келгендер баршылық. Енді олар миграциялық полицияға барып, қос азаматтық алғаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі керек, содан кейін Ресейге барып, ол жақтағы азаматтықтан шығуы тиіс. Одан кейін елге қайтып келіп, зейнетақы тағайындау үшін өтініш беріп, барлық процедураларды атйадан өтпек. Үлкен кісілер оның бәріне бірдей жүгіре алмайдв, денсаулықтары көтермеуі мүмкін", дейді зейнеткерлердің құқығын қорғаумен айналысып жүрген адвокат Иван Хан. Жылдар бойы пайдаланып келген заңсыз зейнетақы қарттардың қулығын жүзеге асырмай, желкесінен шығаратын сыңайлы. Өйткені, олар Ресей өкіметіне де айыппұл төлейтін көрінеді.

"Бізде ер адамдар зейнеткерлікке 63 жаста, Ресейде 60 жаста шығады. Заңсыз әрекетке барғандар екі елдің заңының осындай тұстарын оңтайлы пайдаланып кетуге тырысқан, яғни бір елден зейнетақы алып отырып, кезі келгенде екінші мемлекетке де тиесілі құжаттарын тапсырады. Ал шетелге қоныс аударған кезде зейнеткер өз еліндегі тіркеуден шығып, сол жаққа тіркелуі тиіс болатын", - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Мәжитов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу