Ақтөбеде екі ер адам жас жігітті әскерге күштеп алып кетпек болған

481

Жігітті күштеп алып кетуге әйелдер қарсы шығып, алып қалған. 

Ақтөбеде екі ер адам жас жігітті әскерге күштеп алып кетпек болған Фото: видео скриншот

Желіде Ақтөбеде дүкендердің бірінде жігітті әскери бөлімшеге күштеп алып кеткен видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрлардан бірнеше ер адамның жігітті қолынан сүйреп, есікке қарай тартып әкетіп бара жатқанын көруге болады. Жігіттің достары оған көмектесуге тырысты.

"Бүгін екі ер адам бір жігітті әскерге алып кетпекші болды. Бұл заңды ма? Жігітті күштеп алып кетуге әйелдер қарсы шығып, алып қалған", - делінген жазбада.

Аталған жағдайға байланысты Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мәлімдеме жасады. 

“Азаматтар кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру шараларынан жалтарғаны үшін мерзімді әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері өзекті болып қала береді. Көктемгі әскерге шақырудың бұзылуына жол бермеу мақсатында облыстық қорғаныс департаменті хабардар ету және шақыру учаскелеріне келуден жалтарған тұлғаларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр”, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының хабарлауынша, әскери қызметке даярлықтан жалтарғаны үшін азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 650-бабы (Әскери қызметке даярлықтан жалтару) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

“Әскери есепке қою жөніндегі міндетті орындамаған және әскери қызметтен жалтарған жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, "әскери қызметтен жалтару" бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады:

Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтарған үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза қолданылады, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады”, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, биыл көктемде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу