Ақтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Салдарынан жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған "ВМW" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді.
Салдарынан "DAF XF 95 430" автокөлігіне соққан. Оның рульінде 44 жастағы алматылық болды.
"Салдарынан "BMW" автокөлігі өртеніп кетті. Осы автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу