Ақтөбеде 2 қаңтарда басталған "Каникул" жедел алдын алу шарасы барысында 70 бала полиция бөлімшесіне түсті, деп хабарлайды Аktobenews.kz.
Оның 58-і түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ата-анасыз көше кезіп, ойын-сауық орындарында жүрген. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарының екі әкімшісі де жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 21 жасқа толмағандарға арақ сатқан дүкеншілер ұсталды.
Полицейлер 16 жеткіншек пен ата-аналық міндетін орындамаған 7 ата-ананы есепке алды.
Мәселен, 2 қаңтарда сағат түнгі 1:00-де ойын-сауық орталығында жүрген жасөсіпірімнің ата-анасына 7 мың теңге шамасында айыппұл салынды
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу