Ақтөбеде екі зейнеткер өзенге батып кетті

1093

Ақтөбе облысында мал іздеп шыққан екі зейнеткер суға батып кеткен. Бұл жөнінде жергілікті полиция департаменті хабарлайды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбеде екі зейнеткер өзенге батып кетті

Темір ауданының тұрғыны 23 қараша күні "Темір" өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мен құтқарушылар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды. Туыстарына сұрақ қою кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды. Ізінше тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін тауып шығарды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу