Ақтөбеде экопакет шығаратын цех ашылды

1618

Ақтөбеде экопакет шығаратын цех ашылды

Ақтөбедегі полиэтилен дорбаларын шығаратын кәсіпорын экологиялық таза өнім дайындауға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

Жылдап жатса да шірімей, қоршаған ортаға зиян әкелетін полиэтиленді алмастыратын өнім ел нарығына шығарылады. 

Кәсіпкер жаңа желіні іске қосу үшін "Өндіріс" бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Жаңа цехтағы заманауи желі жылына 1200 тонна экопакет дайындап шығарады.

Бұл пакеттің қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны аз. Қоқысқа тасталған пакет 1 жылдың ішінде жойылып, топыраққа араласып кетеді, яғни қалдықсыз өндіріс.

Кәсіпорын қаладағы индустриалды аймаққа орналасты. Бұл жерден 1 гектар жер алып, үлкен өндірістік нысан салды. Кәсіпкер бұған дейін ғимаратты жалға алып, біраз қиындық көргенін айтады. Қазір жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін кеңейткен жайы бар . Бір мәселе, экопакеттерді сату оңай болмай тұр. Пакет құрамындағы ерігіш ұнтақ қоспаны қымбатқа сатып алатындықтан, өнімнің бағасы 6-7 пайызға жоғары.

Оны арзандату үшін біз қазір Жапониялық фирмамен шешімге келейін деп жатырмыз. Сол қоспаны өзіміз осы жақта шығарамыз. Оны ары қарай сатамыз. Сол кезде баға кәдімгі, күнделікті қолданыстағы пакеттен айырмашылығы болмайды", - дейді кәсіпорын басшысы "Бауыржан Жүсіпов.

 Жаңа өнімге Қостанай, Орал мен Астанадан сұраныс түсе бастады. Экопакеттің бағасына қарамай тапсырыс беретіндердің көбі, қоршаған ортаның ахуалына алаңдайтындар. Ақтөбенің өзінде екі ірі супермаркет желісі экологиялық таза пакет қолдана бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу