Ақтөбеде Елек өзені тасып, 300 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

1192

Ақтөбеде Елек өзені тасып, 300 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Ақтөбе қаласында Елек өзенінде су деңгейі көтеріліп, саяжай үйлерін "Госсветсеть", "Каргалинка" және "Ақсуат" бағбандық ұжымдарының аула территорияларын су басты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Осыған байланысты 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 2 орта мектеп негізінде 12 эвакуация пункті ашылды. Қазір ол жерде барлығы 53 адам бар, оның 12-сі – бала. Тағы 248 адам туған-туыстарының үйлеріне жіберілді. Елек өзенінің қос жағасында да қоғамдық тәртіп күзеті мен құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Тасқын салдарын жоюға ТЖК, Ұлттық гвардия, жергілікті полиция қызметі мен жергілікті орындаушы органдарынан 500 адам мен 124 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу