Ақтөбеде элеватордан құлаған бала қайтыс болды

884

Ол облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз, көптеген дене жарақаттарымен және гипотермиямен жеткізілген. 

Ақтөбеде элеватордан құлаған бала қайтыс болды

Бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

31 мамырда қаланың ескі бөлігінде қараусыз қалған элеваторда 9 жасар бала биіктіктен құлап кетті, деп жазады Диапозон.

Ол облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз, көптеген дене жарақаттарымен және гипотермиямен жеткізілді.

Сонымен қатар, бала миының қатты ісінуі, қан кету, гематомалар және сыдырылған белгілерімен келген.

Бала комада, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланды.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, бала 18 маусым күні сағат 22:00-де қайтыс болғанын айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу